Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаДенсаулық – біздің басты байлығымыз

Денсаулық – біздің басты байлығымыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында денсаулық сақтау жүйесі үшін ауылдық медицинаны дамытудың, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған сәйкес елімізде ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қолға алынған болатын.

Бүгінгі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында екі аурухананы көпбейінді орталық аудандық ауруханалар етіп жаңғырту жоспарланған.

Көпбейінді орталық аудандық ауруханалар етіп жаңғырту үшін жақын маңдағы екі ауданға (Ақкөл және Біржан сал) қызмет көрсетуге Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы, сондай-ақ жақын маңдағы 4 ауданнан (Сандықтау, Жақсы, Есіл, Жарқайың) 120 мыңға жуық халыққа қызмет көрсететін Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы белгіленді.

Аталған ауруханалардың өз қарамағында инсульт орталығы мен тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық немесе перзентхана бөлімшесі, травматология, хирургия және медициналық оңалту, реанимация бөлімшелері болады — бұл «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір жоғарыда аталған мекемелерде жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіруге және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту жалғасуда.

Бұл  мақсаттарды іске асыру үшін облыстың 38 ауылдық елді мекенінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар салу жоспарланған. Бұл 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт. Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитариялық көмектің жаңа объектілерін салу үшін барлық 38 жер учаскесі, оның ішінде ағымдағы жылға көзделген 16 жер учаскесі, 2024 жылға 22 жер учаскесі бөлінді.

Аталған шаралар денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған. Бірінші кезекте бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіруге және ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Іске асырылуы жоспарланып отырған тағы бір маңызды жоба -әлеуметтік дәріханалар, оның шеңберінде жылжымалы дәріхана пунктін іске қосу жоспарлануда. Ол Зеренді, Сандықтау және Бурабай аудандарының ауылдарын қамтиды, тұрғындар ТМККК шеңберінде және қолжетімді төмендетілген бағамен дәрі-дәрмек ала алады.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен енгізіліп жатқан өзгерістер оң нәтиже береді деп үміттенеміз және Президенттің ауылдық жерлерде денсаулық сақтау мәселелерін жақсарту бойынша қойған барлық міндеттері табысты іске асырылатынына сенімдіміз.

 Ахильбеков Нұрлан Сәлімұлы, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...