Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтарын қалпына келтірді.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, шартты ұзарту ауыл тұрғындары үшін 8 жұмыс орнын сақтап қалуға, сондай-ақ жер учаскесін жалға алған 10 жыл ішінде 1,5 миллиард теңгеден астам кіріс алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, 10 жыл ішінде жер учаскесін пайдалану барысында кәсіпорын жалдау шарты бойынша міндеттемелерді адал орындап келген, жалдау ақысын, бюджетке салықтарды уақтылы төлеген, сондай-ақ жерді мақсатына сай пайдаланған.

Алайда, әр түрлі дәлелді себептерге байланысты шаруашылық Бұланды ауданының жергілікті атқарушы органын жаңа мерзімге шарт жасасу ниеті туралы уақтылы хабардар етпеді, бұл жалға алуды ұзартудан бас тартуға негіз болған.

Әкімдіктің бас тартуына шаруа қожалығы Департаментке шағыммен жүгінді.

Департамент басшысы Думан Әбілевтің айтуынша, жер заңнамасына сәйкес жер пайдаланушы жер қатынастары саласындағы уәкілетті органды жалдау шартын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде ұзарту ниеті туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Сонымен қатар, жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының) басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы болады.

Шағымды қарау барысында шаруа қожалығының шарттық міндеттемелерді тиісінше орындауы, сондай-ақ жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануы әкімдіктің өзімен расталды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз ететіндігі көзделген.

Әкімдіктің шаруа қожалығымен жалдау шартын ұзартудан бас тарту туралы шешімі жалғыз себеппен, яғни өтініш берушінің жалдау шартының жарамдылық мерзімін өткізіп алуы заңның бұл талаптарына сәйкес келмейді, өйткені жергілікті атқарушы орган шағымды қарау кезінде өзіне жүктелген жалдау шартының жағдайларын адал орындап келген қызмет алушыға ауыртпалық тудырады.

Осыған байланысты, бас тартуды Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мөлшерлестік қағидатына сәйкес емес деп танып, Департамент аудан әкімдігіне өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім енгізді.

Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәсіпкермен жер учаскесін жаңа мерзімге жалға алу шартын жасасты.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...