Жұма, Наурыз 29, 2024
2.3 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңДіни кітаптарды заңсыз сатқан ақмолалық 120 мың теңге айыппұл арқалады

Діни кітаптарды заңсыз сатқан ақмолалық 120 мың теңге айыппұл арқалады

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті сауда үйлерінің біріндегі дүңгіршекте «Қасиетті Құран» кітабын рұқсатсыз сату дерегін анықтады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша материал жиналып, сотқа жолданды. Бурабай аудандық сотының шешімімен 54 жастағы ақмолалық әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 120 750 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды», – деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек белгіленген орындарда ғана таратуға жол беріледі. Бұл діни ғимараттардың аумақтары, діни-рухани оқу орындарында – медреселерде, семинарларда және басқаларында, сондай-ақ әкімдік бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларда. Щучинск қаласының аумағында осындай 2 үй-жай бар. Өзге орындарда діни әдебиеттерді жергілікті атқарушы орғандардың рұқсатынсыз сатуға болмайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...