Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметі өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты — персоналды басқару қызметі өкілдерінің «е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу белсенділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің электрондық жеке істерін толық, сапалы әрі уақытылы толтыру, мемлекеттік қызметшілер бойынша статистикалық есепті сапалы ұсыну, мемлекеттік қызметшілерді бағалау, оқыту, тағылымдамадан өткізу, сынақ мерзімін тағайындау, тәлімгер бекіту процесстерін жетілдіру, конкурстық рәсімдерді қағидаларға сәйкес өткізу және т.б. болып табылады.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева электронды жеке істерді жүргізу барысында орын алған кемшіліктерді мысал ретінде келтіріп, оларды түзету бойынша тисті нұсқамалар берді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жүйедегі белсенділік көрсеткіштерін таныстырды.
Шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...