Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің дерегі бойынша жол апаты 5-ші қазан күні таңғы сағат 07:05 шамасында орын алған.
«Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «Hyundai Accent» көлігігі «Камаз-5320» жүк көлігіне соғылды. Салдарынан жеңіл көліктің 27 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Белгілі болғандай, мерт болған әйел адам, Қостанай облысының тұрғыны, Нұр-Сұлтан қаласына жол жүріп бара жатқан», — деп түсіндірді ведомстводан.
Осыған байланысты полиция ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.