Понедельник, 7 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЕкі азаматқа Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды ресімдеу бойынша ақпараттық жүйедегі қателіктер...

Екі азаматқа Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды ресімдеу бойынша ақпараттық жүйедегі қателіктер түзетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне Ақмола облысы Есіл ауданының полиция бөлімі 2018 жылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды қате ресімдеген екі көрсетілетін қызметті алушы жүгінді.
Кейіннен құжаттарды дұрыс ресімдемеу өтініш берушілерге жинақталған қаражатты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға кедергі болған.
Шағымды қарау барысында өтініш берушілердің дәлелдері расталды. Шынымен, шығуды ресімдеу кезінде полиция органдары бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енгізбеді. Осыған байланысты Департамент полиция бөліміне көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған нұсқама енгізді.
Нәтижесінде өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді: мемлекеттік ақпараттық жүйелерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу туралы мәліметтер енгізілді.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Ақмолада Қоғамдық кеңес субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарады

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында облыстық Антикордың 9 айдағы жұмыс қорытындылары талқыланды. Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы заңнаманы одан әрі жетілдіруге жаңа серпіліс бермек

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру мәселесін Мемлекет басшысы алғаш 2019 жылғы Жолдауында көтеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсын­ған еді. Бұл идея «Адам...

Ақмола облысындағы жәрмеңкеге 480 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінді

Бүгін облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қаланың орталық алаңына жиналған келушілерге өнімдердің кең ассортименті ұсынылды, деп хабарлайды, ішкі саясат басқармасы. Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің...

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті

Жоғары техникалық колледж студенттері филиалға келіп, қызметімен танысты. Жолшылар студенттерді заманауи жабдықтармен, үрдістермен және технологиялармен таныстырды. Жоғары техникалық колледж студенттері «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу...