Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарӘлемЕО ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жауып, Украинаға қару-жарақ жеткізуге рұқсат берді

ЕО ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жауып, Украинаға қару-жарақ жеткізуге рұқсат берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Тағы бір тыйым салынды»: Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО-ның Украинаға қару-жарақ жеткізуді бастау туралы шешімін осылай түсіндірді. Сонымен бірге, Еуропалық Одақ ресейлік ұшақтардың, соның ішінде бизнесмендер мен олигархтардың жеке көліктерінің ұшуына толық тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен бұдан бұрын Euronews телеарнасына берген сұхбатында: «Еуропалық Одақ тарихта алғаш рет шабуылға ұшыраған елге қару-жарақ пен басқа да жабдықтарды сатып алуды және жеткізуді қаржыландырады», — деген еді.

Еурокомиссияның мәліметі бойынша, әңгіме қару-жараққа 450 миллион еуро және тағы 50 миллион еуроны медициналық құрал-жабдықтар сияқты басқа да жабдықтау түрлеріне жұмсау жоспары туралы болып отыр.

«Біз Еуроодақтың әуе кеңістігін Ресейге жауып жатырмыз. Біз Ресейге тиесілі, Ресейде тіркелген, Ресей бақылауындағы барлық ұшақтарға тыйым салып жатырмыз. Олар енді Еуроодақтың әуе кеңістігі арқылы қонып, ұша алмайды», — деді Еурокомиссия төрағасы.

ЕО сондай-ақ ресейлік RT және Sputnik телеарналарының хабар таратуына тыйым салады және бұл олардың еншілес компанияларына да қатысты. Санкциялардың бөлек пакеті Александр Лукашенко үкіметіне қарсы.

Еске салайық, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасс республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын айтқан. Ол Мәскеудің жоспарларында Украина аумақтарын оккупациялау жоқ екенін, мақсат елді демилитаризациялау және деназияландыру екенін атап өтті. Украина әскери жағдай жариялап, Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Украина президенті жалпы жұмылдыру туралы жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Еуроодақ Украинадағы әскери операцияға байланысты Ресей президенті Владимир Путинді, премьер-министр Михаил Мишустинді, сыртқы істер министрі Сергей Лавровты, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевті, ішкі істер министрі Владимир Колокольцевті «қара тізімге» енгізген болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...