Вторник, 6 мая, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауЕрейментауда дзюдодан дәстүрлі республикалық турнир өтуде

Ерейментауда дзюдодан дәстүрлі республикалық турнир өтуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Ерейментау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ХІV дәстүрлі республикалық турнир басталды. Бұл жарыс Ерейментау ауданының спорт саласында айрықша із қалдырған жаттықтырушылардың жарқын рухына арналған.

Аталған турнирге Қазақстанның түрлі аймақтарынан және бауырлас Қырғыз Республикасынан келген 14-тен астам команда қатысып, 250-ге жуық спортшы татами төрінде бақ сынауда. Жас дзюдошылар бұл жарыста жоғары шеберлік, табандылық пен қарсыласқа деген құрмет сынды дзюдоның басты құндылықтарын паш етуде.

«Жарыс – тек мықты спортшыларды анықтауға бағытталған бәсеке ғана емес, сонымен қатар өңір спортына өмірін арнаған жаттықтырушыларға деген алғыс пен құрметтің символы. Турнир әділ бәсеке мен спорттық ынтымақтастық рухында өтіп, жасөспірімдерге үлкен тәжірибе мен шабыт беруде», дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шараны ұйымдастыруға Ерейментау ауданының әкімдігі, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, дзюдо федерациясы және «Ереймен күрес клубы» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетіп отыр. Бұл турнир – жастар арасында спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды қадам болып табылады.

Ұйымдастырушылар барша спорт сүйер қауымды турнирге келіп, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақыруда.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Макинск жаңа су жүйесіне қол жеткізеді: желілердің 60%-ы тартылып үлгерді

Макинск қаласында су құбыры желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жобаның жүзеге асырылуы жалғасуда. Бұл жұмыстардың алғашқы кезеңі 76 шақырымнан астам инженерлік коммуникацияны қамтиды. Бүгінгі күні...

Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру өтті

Бүгін Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағында Жеңістің 80 жылдығына арналған ту ұстаған мерекелік велошеру өтті. Шараға 60-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Ақмола облыстық...

Көкшетауда «Сын» драмасының премьерасы өтті

Наурыз айының басында Ақмола облыстық орыс драма театрында француз драматургі Флориан Зеллердің «Сын» пьесасы бойынша қойылған әсерлі де терең драма көрерменге жол тартты. Бұл қойылым...

Ақмола облысы – көлік инфрақұрылымын жаңғыртуда көш басында

Ақмола облысы – нағыз прогрессивті өңір. Бүгінде аймақ еліміздің басты көлік тораптарының біріне айналуда. Мұнда жолдар жөнделіп, жаңалары салынып қана қоймай, жүйелі логистика қалыптастырылып,...

Ақмола облысында көктемгі егіс науқанына кешенді дайындық жалғасуда

Ақмола облысында көктемгі егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл өңір диқандары 5,4 миллион гектар жерге жаздық дақылдар егуді жоспарлап отыр бұл өткен жылмен...