Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
6.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚұтқарушылар төрт адамның өмірін сақтап қалды

Құтқарушылар төрт адамның өмірін сақтап қалды

ТЖД күшімен техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен төрт адам құтқарылып, Ерейментау қаласындағы тұрғылықты жеріне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Шақырту орнына ТЖ Департаментінің «ТРЭКОЛ» 1 бірлік техникасы және Ілияс Әубәкіров, Қуан Ақылбеков, Байырлы Көпенов және Сағыныш Билялов шыққан болатын.

«2023 жылғы 03 Қаңтарда достарымызбен «Нива» автокөлігімен Ерейментау қаласынан «Масақпай» шалғай учаскесіне жол тарттық, ауа райы ашық болатын, алайда қайтар жолда бораңдатып жол жабылып, түнгі сағат 21-ден 4-ке дейін біз қарды күрекпен тазалап, қар барқандарынан өте алмадық, содан кейін көлігіміз ойпатқа құлап, істен шықты.  Біз «101» және «102» құтқару қызметіне жүгіну туралы шешім қабылдадық, қайда екенімізді түсіндірдік, шамамен 3 сағат бойы суық көлікте көмек күтіп, ұйықтап қалдық, ұялы телефондарымыздың қуаты өшіп қалған. Таңертеңгі сағат 8 шамасында құтқарушылар көліктің терезесін қағып, бізді оятып, жылы етік кигізіп, ыстық шай берді. Эмоцияларымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бүкіл өміріміз көз алдымызда жоқ болып кеткендей көрінді. Ерейментау ауданы мен Ақмола облысының барлық құтқарушыларына біздің құтқарылған өміріміз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз, олардың кәсібилігінің арқасында бақытсыздық отбасыларымызды айналып өтті, біз үйге аман-есен оралдық, Сізге және сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, қиын істе табыс тілейміз», – деп атап өтті Талғат Байтеміров.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарға ауа райын бақылап, құбылмалылығына назар аудару қажеттігін еске салады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Ауа райы, жолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпаратты «Darmen» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...