Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетЕвгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №448 қаулысымен креативті индустрияға жататын 12 бағыттан тұратын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі: конференциялар мен көрмелер ұйымдастыру, зергерлік бұйымдар, кино және анимация, кітапханалар мен мұражайлар, мәдени-демалыс мекемелері, мәдени мұра, музыка, сәулет және сән, телевизиялық бағдарламалар, фотосурет, халықтық қолөнер, IT және ойын девлопмент бекітілді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында креативті индустрия  өкілдері «Зергерлік іс», «Музыка», «Мәдени мұра», «Халық қолөнер», «Сәулет және сән» бағыттары бойынша ең көп санын құрайды.

Кездесуге Ақмола облысының сүйек, ағаш, былғары, ұлттық аспаптар, қыш, құрақ көрпе, киіз шеберлері мен  зергерлер және суретшілер қатысты.

Кездесу барысында Ақмола облысының ең үздік креативті индустрия өкілдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде ақмолалық қолөнершеберлері:  Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шортанды ауданының Құрметті азаматы, көптеген халықаралық және республикалық сайыстардың жеңімпазы, суретші, қолөнер шебері, мәдениет саласының үздігі Бектас Кәрімұлының, кілем, ши тоқу шебері, иірілген жіптен тұскиіз, сырмақ, шашақбау, басқұр, киіз үйдің басқа да әсем жабдықтарын, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттык қолөнер — ши тоқу шебері Смағұл Кенжебай, қыз жасауы, құрақ көрпе, кимешек-ұлттық бас киім тігу шеберлері Қарымсақова Ұлжалғас Қабденқызы, «Kuntai kurak» брендінің авторы Серікжанова Гүлнар, киіз басу шебері, этно-қолөнер шеберханасының жетекшісі Орынбаева Гүлнар Мырзағалиқызы, қыш шебері Саттыбаева Анар Талапқызы, киіз шебері Фризен Вера, Султанова Жибек, Медетова Ғайша домбыра шебері Кадралин Самат Қаршалұлының қолынан шыққан ұлттық аспаптар және атақты көкшелік қылқалам шеберлері Дулат Абдрахманұлы Қоспановтың, Бұрмағанов Манарбек Жұмабекұлының, Быстрицкий Владимир Брониславович, Лосева Наталья Александровна және басқа да суретшілердің төл туындылары қойылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...