Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыХалқының табысы ең төмен өңірлер аталды - статистика

Халқының табысы ең төмен өңірлер аталды — статистика

Өткен жылы қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы артып, 116 мың теңгеден сәл астамды құрады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

«2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116 126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8% өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады», — делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысында байқалды. Онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық жоғары болды.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді. Бұл өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65% құрады.

2020 жылы өңірлер бойынша халықтың жан басына шаққандағы табысының ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылық 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...