Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда сүйемелдеу шеңберінде түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Сондай-ақ іс-шара барысында Думан Әбілев халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын тұрақты жетілдіру, оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету стратегиялық міндеттер болып табылады және Департаменттің тұрақты бақылауында.