Понедельник, 27 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді.

Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін кәсіпорынның жекелеген қызметкерлері «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Досымжан Кенжешовтың атынан алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау рәсімін «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.

Концерттік бағдарламаға Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты: «Көкшетау» халықтық би ансамблі — жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, «Сувенир» халықтық би ансамблі — жетекшісі Маргарита Авдеенко, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі — жетекшісі Томирис Жанспаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, ҚР және Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бисара Макенова, «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблінің солистері Бауыржан Балтин, Нұрдәулет Селухан, Төлеген Аманов — жетекшісі Әлизат Дүзелбай, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Вячеслав Волков, Ерқанат Ербосынұлы — жетекшісі Ақниет Абдулла, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солисі Рауан Бағдатов — жетекшісі Айымгүл Хасенова, вокал студияның солисі Ержас Аязбай — жетекшісі Асемгуль Мухамеджанова.

Іс-шараны Амина Қайратова және Бейбіт Кешу жүргізді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...