spot_img
- Жарнама -spot_img
19.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықКөкшетау полицейлері 50 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Көкшетау полицейлері 50 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

-Жарнама -spot_img

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың АҚШ долларын алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм каналында жарияланды.

Желідегі жазбада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу дерегі  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандығы айтылған.

«Биылғы жылғы шілденің 8-де жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. Шілденің 9-да Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – делінген жазбада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img