Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыКөкшетау тұрғындарының ауыз су сапасына көңілдері толмайды

Көкшетау тұрғындарының ауыз су сапасына көңілдері толмайды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңесімен және мемлекеттік органдармен бірлесіп өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс сапасына көшпелі мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жұртшылық өкілдері Шағалалы су қоймасына, Красный Яр ауылындағы ұңғымаға, сондай-ақ Көкшетау қаласының тазарту құрылыстарына барды.

Қаланы сумен жабдықтау Шағалалы су қоймасынан және Көкшетау топтық су құбырынан (Сергеев су қоймасынан су тартумен) жүзеге асырылады.

Бұл ретте, «Су Арнасы» кәсіпорны басшылығының ақпараты бойынша Көкшетау су құбыры арқылы қаланы сумен жабдықтау бірқатар себептер бойынша толық көлемде қамтамасыз етілмейді, ал ауыз суды тұтынушылар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан кәсіпорын Шағалалы су қоймасынан суды пайдалануға мәжбүр, бірақ оның тазарту қондырғылары 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұның бәрі ауыз судың сапасына әсер етеді, осылайша қала тұрғындарының көптеген негізделген сындары және шағымдарын тудырады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында жұртшылық пен мемлекеттік органдар халықты сапалы сумен жабдықтау, атап айтқанда, қалалық су тазарту станциясын қайта жаңарту және жаңа тазарту құрылыстарын салу мәселелерін көтерген болатын.

Қоғамдық мониторинг барысында «Су Арнасы» бас директоры хабарлағандай, 2009-2010 жылдары әзірленген тазарту құрылыстарын жөндеу жобасы бірнеше рет түзетілген және қазіргі уақытта түзетуде. Тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын Павловск су қоймасындағы жұмыстарды қайта бастауды, сондай-ақ Чаглинка су жинаудың үшінші желісін өткізуді ұсынады.

Көшпелі мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы Павловск су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуге, Көкшетау қаласы мен Красноярск ауылдық округінде жаңа қосымша ұңғымаларды ашуға, сондай-ақ Тазарту құрылыстарын жөндеу жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысты ұсыныстар әзірледі. Бұл мәселелер жұртшылықтың бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетейік, сумен жабдықтау инфрақұрылымының проблемалық мәселелері өңір халқын толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан бұл сала облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...