Атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Ақмола полицейлері тіркелмеген қаруды сақтау деректерін анықтауға бағытталған бірқатар жедел – іздестіру және алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Көкшетау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйінен 16 калибрлі «ИЖ» маркалы аңшылық мылтықтың және оған 17 патронның кесіндісін тауып, тәркіледі. Жедел қызметкерлердің айтуынша, 55 жастағы ер адам бұрын есірткі қолданған, сонымен қатар полицейлердің көзіне жиі түскен.
Ақмолалықтың айғақтарына сәйкес, оның кесіндісі алыс туысынан қалған, ал ол оны кіреберістегі қарапайым шкафта қауіпсіздік ережелерін сақтамай сақтаған.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бұланды ауданының Макинск қаласындағы қараусыз қалған тұрғын емес үйдің аумағынан тағы бір қару тапты. 2-қабаттағы құрылысты тексеру кезінде жедел қызметкерлер «STOEGER-2000» маркалы тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, аңшылық мылтықты және 3 патронды тауып алды.
Қазіргі уақытта тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.