Жұма, Наурыз 29, 2024
2.3 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықКөкшетауда халықты әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

Көкшетауда халықты әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

«Адал көмек» құқықтық сауаттылықты арттыру жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды және оларға кеңес беруді ұйымдастырды.

Қабылдау барысында азаматтар облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Еңбек инспекциясы басқармасының, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығына тікелей жүгіне алды.

Өтініштер жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, санаторий-курорттық ем алу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, неке-отбасы қатынастарын реттеу және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Мәселен, қаланың Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімімен санаторий-курорттық ем алуға өтініш білдірген азаматтың мәселесі оң шешімін тапты, ал Халықты жұмыспен қамту орталығы қабылдау барысында өтініш білдірген өңірдің екі жұмыссыз тұрғынына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін болады.

Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшылығы келіп түскен барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Адал көмек» жобасы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Осы жоба шеңберінде азаматтарды қабылдау және оларға кеңес беру өңірдің әлеуметтік нысандары базасында айына екі рет жүргізіледі. Анонстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ресми сайтында, БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...