Көкшетау көлінен табылған мина оқу-жаттығулық болып шықты. Табылған снарядты жарылыс техниктері тексерді, деп хабарлайды Koksheinform ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, 23 наурызда Көкшетау полициясына балықшылардан Қопа көлінен ТМ -62 минасы табылғаны туралы ақпарат келіп түскен болатын. Тексеруден кейін бұл минаның оқу-жаттығу минасы екендігі анықталды.