Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда «Сәлем, Елорда!» өнер шеруі өтуде

Көкшетауда «Сәлем, Елорда!» өнер шеруі өтуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың мәліметінше, 12-14 қазан аралығында «Сәлем, Елорда!» тақырыбымен 2-ші республикалық өнер шеруі аясында қолға алынған аймақтық өнер керуенінің  ашылуы салтанаты 12 қазан күні сағат 09:00-де Көкшетау мәдениет сарайына өтті.

Жоба бағдарламасына облыстық филармонияларда СММ, арт-менеджмент және хореография саласындағы мамандар үшін, сондай-ақ кітапхана басшылары үшін үш күндік мастер-кластар енгізілді. 13 қазанда өнер шеруіне қатысушылар үшін «Шыңғыс хан» спектаклі, сондай-ақ Ақмола облысының хореографиялық ұжымдарының концерті ұсынылады.

«14 қазан күні сағат 11:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында барлық өңірлердегі халық шығармашылығын дамыту орталықтары, филармония және концерттік ұйымдар басшыларының көшпелі жиналысы өтеді. Мәдениет және спорт министрлігі шеруге қатысушыларымен консультативтік жиналыс өткізеді», – деді Айгүл Сәбитова.

Барлық іс-шаралар «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларында, Көкшетау мәдениет сарайы және Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында болады. «Сәлем, Елорда!»-тәжірибе алмасу, мәдениет пен өнер саласындағы дағдыларды, республиканың үлгілі орындаушыларын жаппай ілгерілету. Өнер шеруі 14 қазан күні сағат 17:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында гала-концертпен аяқталады.

Басқарманың мәліметінше, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен «Көкшетау қаласына – Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесі берілді. Осыған орай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы еліміздің 16 өңірімен бірлесіп, іс-шаралар жоспары бойынша Жол картасына 500 іс-шара енгізді. Бүгінгі таңда бұл шаралардың 200-ден астамы өткізілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...