Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Марченко Илья Тимофеевич 1925 жылы Володаровское ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Илья Тимофеевич майданға 1943 жылы, 10 сыныпты аяқтағаннан кейін бірден өз еркімен кеткен.
Алғашқы әскери дайындықты Ташкент қаласындағы пулемет-миномет училищесінде өтіп, сол жылдың тамыз айында соғыстың қызыған шағында майданға жіберілген: 3-ші Украина майданының 92-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 282-ші атқыштар полкі миномет есебінің командирі. Днепрді алу 18 жасар Илья Марченконың өміріндегі алғашқы жекпе-жек болды, мұнда ол әскери жарақат алды.
Госпитальдан кейін болашақ милиция полковнигі өз бөлімшесіне оралып, 37-ші жеке армия құрамында полктестермен бірге Болгарияға дейін жетіп, Бургас қаласында жеңісті қарсы алды. Соғыстан кейін Илья Тимофеевич қылмыскерлермен күресу үшін Батыс Украина аумағына жіберілді және тек 1950 жылы туған Көкшетау жеріне оралып, құқық қорғау органдарының қатарына қосылды.
Органдардағы қызметін Красноармейск ауданы Чермошняк арнайы комендатурасы комендантының көмекшісі болып бастады, ІІБ паспорттық–тіркеу бөлімінің инспекторы, ҚІІБ кезекші бөлімінің аға инспекторы, аға инспектор, кейін Көкшетау қ. СМҰКБ (ОБХСС) бастығы болып жұмыс істеді. 1968 жылы Илья Тимофеевич Көкшетау облысы ІІБ жанындағы ведомстводан тыс күзетті басқарды, онда 1983 жылға дейін жұмыс істеді. 2021 жылдың сәуірінде Ұлы Жеңіс мерекесіне бірнеше апта қалғанда өмірден озды.
Мемориалдық тақтаны ардагердің қызы Раиса Ильинична және Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевке ашты.
Митинг соңында жиналғандар қонақтар, ардагерлер, Илья Тимофеевичтің туыстары мен әріптестері гүл шоқтарын қойды, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының істегі қызметкерлері мерекелік сап түзеді.