Тікұшақ тұрғындардың күдігін туығызып, кейбір адамдар әуеден бір зат шашып жүргенін айтып сары уайымға салынған.
Осы мәселені анық-қанығын түсіндірген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласында 9-23 қазан аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Шараға әскери техника мен арнайы автокөліктер тартылуда.
Осыған орай, жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық шақырып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырды.