Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артса, онда облыстың бас санитарлық дәрігерінің биылғы жылғы қарашаның 3-де шыққан №136 қаулыға өзгеріс енгізіледі және Мемлекеттік ведомоствоаралық комиссияның нұсқауына сәйкес облыс орталығы периметрі бойынша блокпостар қойылуы мүмкін.
Ал, әуе, теміржол байланысы бойынша шешімді көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шығаратын болады.