Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКөкшетаулықтан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Көкшетаулықтан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық Полиция департаметінің мәліметінше, Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны жүгінді.

Жәбірленуші 2021 жылдың маусымынан бастап таныс емес ер адам қорқыту арқылы одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап ететінін айтты. Тұрақты қауіп-қатерден шаршаған жәбірленуші полицияға жүгінді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жазаға тартылған облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтады», — деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі «бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...