-26 C
Kokshetau
-26 C
Kokshetau
Бейсенбі
Ақпан, 9

Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды

Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, коронавирус жұқтырған 25 адамның үлгілерінен жаңа штамм табылды.

Дегенмен, ғалымдардың пікірінше, бұл нұсқа айтарлықтай қауіп төндірмейді.

«Кипр университетінің профессоры Леонтиос Кострикис айтқандай, «дельтакронның» «дельтамен» генетикалық негізі бір және сонымен бірге «омикронға» тән мутациялар бар. Омикронның басқа штамдардан ерекшелігі оның геномында 30 түрлі мутация бар. Олардың ондығы аталған үлгілерде анықталды», – деп түсіндірді ғалым.

Оңтүстік Африкадан келген иммунологтар омикронды COVID-19 пандемиясының жедел кезеңінің аяқталуымен және оның эндемиялық жағдайға көшуімен, яғни белгілі бір аумаққа тән болатынымен байланыстырды.

Зерттеушілер омикронды және бұрын анықталған штамдары бар 466 пациенттің деректерін зерттеп, COVID-19 жағдайларының тек 4,5%-ы осы толқын кезінде ауруханада қайтыс болғанын анықтады, бұл бұрынғы орташа есеппен 21%-ы.

Сондай-ақ, стационарда болудың орташа ұзақтығы бұрынғы 8,8 күннен төрт күнге, ал жансақтау бөлімдеріне жатқызылғандар саны – 4,3-тен 1 %-ға дейін қысқарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы мақалалар

- Жарнама - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар