Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабайдағы Кіші шабақты көлінде Нұр-Cұлтан қаласының 51 жастағы тұрғыны үрлемелі матраспен суда жүзбекші болған. Алайда, қатты толқын оны көлдің ортасына қарай алып кеткен. Сол жерде ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары оны көріп құтқарған.
«Кіші шабақты көлінде патрульдеу кезінде құтқарушылар үстінде құтқару жилеті бар, жағаға жүзіп келе жатқан ер адамды көрді. 1969 жылғы ер адам үрлемелі матраспен жүзіп жүргенде оны толқын көлдің ортасына алып кеткен», – дейді ведомстводан.
Айта кетейік, жалпы шомылу маусымы басталғаннан бері өңірдегі көлдерден 50 адам құтқарылды.