Сейсенбі, Сәуір 16, 2024
12.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықКвазимемлекеттік сектор мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыру маңызды - Айдос...

Квазимемлекеттік сектор мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыру маңызды – Айдос Жақиялин

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Тыныс» АҚ басшылығы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин қатысушыларға соңғы бірнеше жылдағы заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтарды түсіндірді.

Атап айтқанда, спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету аясында квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің ауқымы кеңейгенін атап өтті. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты адамдар жатады.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапты. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары үшін бірыңғай талаптар белгілеу көзделген, бұл осы саланы реттеудегі біріздендірілген тәсілді қамтамасыз етуге көмектеседі. Бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор ұйымының активтерін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі оңтайландырылады.

Бұдан басқа, стратегиялық құжатты іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметтерінің жұмысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіру рөлін күшейту көзделген.

«Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жазалау шараларымен қатар ұйымдардың адал мінез-құлқын ынталандыру, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту да маңызды. Бүгінгі таңда квазимемлекеттік компанияларда корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты комплаенс институты тиімді жұмыс істейді. Комплаенс-офицерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жүргізілуде», – деді Айдос Жақиялин.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға адал кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша Антикор қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды.

Өз кезегінде компания басшылығы жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы хабардар етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде сындарлы өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, «Тыныс» АҚ – мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындайтын Ақмола облысындағы ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Қызмет бағыты – ауыр машина жасау және өндірістік технологиялар.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...