-23.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-23.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола облысы астанадағы жәрмеңкеге 435 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді

Ақмола облысы астанадағы жәрмеңкеге 435 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді

2020 жылдың 26-27 қыркүйегінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешені жанындағы алаңда аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 196,8 миллион теңгенің 435 тонна өнімін ұсынады, – деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.


Ақмола аграрийлері барлығы 75 тоннадан астам ет және шұжық өнімдерін, 330 мың дана жұмыртқа, 35 тонна сүт және сүт өнімдерін, 40 тонна ұн, 143,2 тонна картоп, көкөніс пен басқа да өнімдерді әкелуді жоспарлап отыр.
Қала тұрғындары мен қонақтары базар бағасынан 10-15% төмен бағамен 50-дан астам азық-түлік түрін сатып ала алады. Отандық тауарларды 2 қала мен 17 ауданнан 100 астам кәсіпорын ұсынады.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости