-23.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-23.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауАқмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына​ Думан​ Қайратұлы​ Әбілев тағайындалды.

Думан​ Қайратұлы Әбілев​  Қарағанды қаласындағы​ «Болашақ» институтын «Саясаттану»​ мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Карағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 13 жылдан асады. Алғаш рет еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында жетекші маман болып бастаған.​ Агенттіктің жүйесінде 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін​ Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңес қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, одан әрі​ Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментінде​ басқарма басшысы,​ Департамент​ директорының орынбасары лауазымдарын атқарады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін​ Агенттіктің​ Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости