Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Ақмола облысының прокуратуралары жанынан мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде.
Прокуратура қызметкерлерінің байланыс нөмірлері мен сауалнамалық деректері облыс прокуратурасының ресми сайтында, жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған.
Сонымен қатар, қаскүнемдер (алаяқтар) арнайы құралдардың көмегімен жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлерін пайдаланып азаматтарға қоңырау шалатынын ескертеміз. Олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк шоттарын бұзу, сондай-ақ олардың атына кредит ресімдеу туралы жалған түрде мәлімдейдіде, ақаулықтарды жою үшін әрекеттер алгоритмінен өтіп, тексеру кодын жазуды сұрайды.
Осыны ескере отырып, арандатушылыққа бой алдырмауды және дереу ішкі істер органдарына жүгінуді сұраймыз.
Ақмола облысының прокуратурасы.