Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
3.9 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысына шетелдің 25-тен астам ұйымы гуманитарлық көмек көрсетті

Ақмола облысына шетелдің 25-тен астам ұйымы гуманитарлық көмек көрсетті

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, өткен жылдың шілде айынан бастап СОVID-19-ға қарсы күресу үшін түрлі елдерден келіп түсетін гуманитарлық көмектің бөлінуіне тұрақты түрде бақылау жүргізеді.

Гуманитарлық көмекті «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдайды, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша бөлу қағазы қалыптастырылады және республика өңірлері бойынша жүк тасымалдау жүзеге асырылады. Ақмола облысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы гуманитарлық көмекті бөлуді айқындайды.

Бүгінгі таңда Катар, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Грузия, Сербия, Германия, АҚШ, БАӘ, Польша, Швеция, Португалиядан келген 25-тен астам ұйым, сондай-ақ қайырымдылық қорлары, жеке компаниялар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өңірге гуманитарлық қолдау көрсетті.

Келіп түскен 700 мыңнан астам жеке қорғану құралдары, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жұмыс тобының бақылауымен облыстың медициналық мекемелеріне таратылды.

Тауарды мақсатсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін дәрі-дәрмектер мен бұйымдардың әрбір қаптамасына «Гуманитарлық көмек. Тегін. Сатуға болмайды» арнайы мөрі қойылады.

Сонымен қатар, құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен белсенді қоғам белсенділері бар мониторингтік топ дәрілік заттар бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында өңірдің дәріханаларына, медициналық мекемелері мен қоймаларына мониторинг жүргізеді. Дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 32 фактісі анықталып, 14 әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне, оның ішінде денсаулық сақтау саласына тап болған жағдайда азаматтар бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 бірыңғай тегін Call-орталығына хабарлай алады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...