«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі кезекті тікелей эфирінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласында кешенді талдау жүргізу жөніндегі өңірлік жұмыс тобының өкілі Ермек Нұғманов ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі үрдістері туралы өз пікірімен бөлісті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласын ауқымды талдау жүргізуді бастайтыны белгілі, оның мақсаты — субсидиялар берудің ашық жүйесін қамтамасыз ету. Осыған байланысты Агенттік барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырады.
Тікелей эфир барысында бұрын бірнеше аудан әкімі қызметін атқарған және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген Ермек Нұғманов субсидиялардың қағидалары мен талаптарына қатысты айтып, бағаны тұрақтандыру мәселесіне тоқталды.
Бұрынғы совхоздардың, ұжымдық ұйымдардың орнына шаруа қожалықтары мен серіктестіктер пайда болғанын айта келе, спикер қазір ауыл шаруашылығы алқаптарын, мал шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласындағы кемшіліктер мен қол жеткізілген нәтижелерді белгілей отырып, бүгінгі таңда бөлінген субсидиялар бойынша ауқымды сараптама жүргізу қажеттігін қолдады.
Спикердің пікірінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер зардап шекпеуі үшін субсидия беру ережелерін анықтайтын нақты шарттарды белгілеу қажет. Сондай-ақ, мал шаруашылығында субсидия алу талаптарын да қайта қарау қажет.
Ермек Нұғыманов атап өткендей, қазір мемлекет ауыл шаруашылығының арнайы институттарын, қаржылық қолдау қорларын құруға ерекше көңіл бөледі, соның арқасында аграрлық сектор заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Мал шаруашылығы саласында «Сыбаға», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, спикер соңғы бірнеше жылда көптеген өзгерістер болғанын атап өтті. Субсидия беру мемлекеттік қызметтердің бір түрі болды. Оның өз регламенттер мен ережелері бар. Қазір азаматтар субсидияларды электронды форматта алады. Сондықтан, цифрлық технологиялардың арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейді. Ең бастысы, ережелерде жиі өзгерістер болмауы қерек, осы орайда, тәуекелдерді талдау өте орынды.
Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АӨК-де субсидиялау саласында азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейтінін еске салады.