Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді

Ақмола облысында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтарды әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдау және оларға кеңес беруді ұйымдастырды. Қабылдау Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменті басшылығының қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында тұрғындар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттаманы ұсыну рәсімі, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектерді оңалту және оларға жеңілдіктер беру, инватакси қызметтерін көрсету, қарттар мен мүгедектерге арналған азық-түлік жиынтығын ұсыну мәселелері бойынша жүгінді.

Мәселен, құзыретті орган өтініш білдірген азаматтарға зейнетақы мен мүгедектік бойынша жәрдемақылар бюджет қаражаты есебінен Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тағайындалатынын түсіндірді. Сондай-ақ оларға зейнетақыны ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі берілді.

Қаланың тағы бір тұрғыны қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында азық-түлік жиынтығын алуға қатысты өтініш білдірді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшылығы азық-түлік жиынтығын ұсыну үшін Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөліміне азаматшаның байланыс деректерін берді.

Қабылдау барысында азаматтардан түскен барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

«Адал көмек» жобасын ұйымдастырушылар атап өткендей, әсіресе азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары заң көмегіне және түрлі құқықтық мәселелерді шешуге мұқтаж. Осы тұрғыда жоба шеңберінде азаматтарды қабылдау және кеңес беру айына екі рет әлеуметтік нысандар базасында жүргізіледі. Анонстар облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми сайтында, БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...