Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесу мақсатында «Ашық бюджет» жобасын іске асыруда.
Осы жоба шеңберінде Департамент қызметкерлері «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізді. Қазіргі таңда Интерактивті картаның порталында өңір ұйымдарының 2550-ден астам бюджеті орналастырылған.
Мониторинг қорытындысы бойынша Ақмола облысы аудандарының бірінің мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ерлер мен әйелдер күрткелерін жалпы сомасы 6 950 000 теңгеге бір данасын 50 000 теңгеден сатып алуды жоспарлағаны анықталды.
Алайда, киім нарығын және басқа ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларын талдау барысында ұқсас күрткелерінің орташа бағасы бір күртке үшін 11-ден 16 мың теңгеге құрайтыны анықталды.
Тапсырыс берушіге жоспарланған тауарларға оңтайлы бағаларды қайта қарау және орнату туралы ұсыныс хат жіберілді. Департаменттің ұсынысынан кейін мекеме мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 5 000 000 астам теңгені құрады.
Айта кетейік, Интерактивті карта арқылы әрбір тұрғын әлеуметтік нысандарды жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Ол үшін Publicbudget.kz порталына кіру жеткілікті. Бұдан басқа, «Ашық бюджет» жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирлерде құзыретті мамандар азаматтарға тегін кеңестер береді.