Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында балалардың қатысуымен Елбасы туралы бейнежазба түсірілді

Ақмола облысында балалардың қатысуымен Елбасы туралы бейнежазба түсірілді

ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында онлайн форматта ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсірілді.

​1 желтоқсан – тұңғыш президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершілікті айқын сезіне отырып, өз елі мен халқының тағдырын анықтауда өзінің перзенттік те, президенттік те борышын адал атқара білді.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, еліміздің егемен ел ретінде қалыптасуындағы Елбасының рөлін көрсетіп, отансүйгіштікке және патриотизмге тәрбиелу.  

Шара барасында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында онлайн форматта Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсірілді. Онда әр бүлдіршін ҚР Тұңғыш Президент жайлы өз пікірі мен көз қарасын білдіріп, барша Қазақстандықтарды осынау айтуылы мерекемен құттықтады.

Ақмола облысы бойынша қылмыстықатқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...