14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚОҒАМАқмола облысында бірқатар шенеуніктер коронавируске қарсы вакцина алды

Ақмола облысында бірқатар шенеуніктер коронавируске қарсы вакцина алды

Ақмола облысында коронавируске қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салу жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, сағат 11:00 жағдай бойынша өңірде 42 адам вакцина алды.

Алғашқылардың бірі болып, вакцина Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовқа, ДСЭК басшысы, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаға, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықовқа, Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Жаровқа, ДСЭК орынбасары Сәуле Сәдуақасоваға, Көкшетау қаласының ЭСЭК басшысы Қанат Ысқақовқа, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышевқа және тағы 30-дан астам адамға салынды.

Бірінші кезекте вакцина алғандар негізінен бөлім меңгерушілері мен аймақ бөлімдерінің басшылары.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости