15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола облысында Біржан сал ауданының әкімі ауысты

Ақмола облысында Біржан сал ауданының әкімі ауысты

Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаев Біржан сал ауданы активіне қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің келісіміне сай жəне аудандық мəслихат депутаттарының толық қолдауымен аудан əкімі лауазымына бұған дейін Бурабай ауданы əкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Достанбек Берікұлы Есжановты тағайындап, жаңа əкімді актив мүшелеріне таныстырды. Бұл туралы «Арқа ажары» газеті сайтында жарияланды.

Достанбек Берікұлы Есжанов 1982 жылы 17 наурызда Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2006-2007 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының бас маманы, 2007 жылы Астана қаласындағы «Цеснаастық» концерні серіктестігінің заңгері болып қызмет атқарған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Есіл ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыру кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет істеді.

2016-2018 жылдары Есіл ауданы əкімінің орынбасары болды. 2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың сəуіріне дейін Ақмола облысы əкімі аппараты ұйымдастыруинспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бурабай ауданы əкімінің орынбасары болып қызмет істеді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости