20.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Tuesday, August 16, 2022
20.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола облысында карантин шектеулері туралы кезекті қаулы шықты

Ақмола облысында карантин шектеулері туралы кезекті қаулы шықты

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 301 қаулысы шықты. Қаулы 2020 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 07.00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулыда:
• отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
• облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану объектілерінде, сондай-ақ үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруға тыйым салынады;
• әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;
• жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді.
• көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттағы көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
• жаңа жыл ертеңгіліктерін, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге әсіресе 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін тыйым салынады;
• ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар,жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салынады;
• банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
• мәдениет объектілер қызметіне (жеке, топтағы репетиция), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өтетін оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін спортшылардың шығыуна тыйым салынады;
• кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады.
• 15 адамнан артық емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне жол беріледі;
• жүйелі жүретін облысаралық, қалааралық автобус (микроавтобус) қозғалысын тоқтата тұрады;
• жүйелі жүрмейтін облысаралық (туристік тасымал) қозғалысты тоқтата тұрады;
• жүйелі жүрмейтін қалалық (туристік тасымал) қозғалысты тоқтата тұрады;
• қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының жалпы вагонсыз қозғалысын жандандырады;
• жеке автокөліктің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат беріледі;
• (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде)кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беріледі;
• белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне рұқсат беріледі;
• кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон қызметіне рұқсат беріледі;
• театр мен кинотеатр қызметін тоқтата тұрады;
• сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фудкорттардың (жұмыс режимін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, тамақты үйге жеткізетін және сыртқа шығаратын қылып) қызметіне рұқсат беріледі;
• азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың қызметіне рұқсат беріледі. Жексенбі күндері қызметті тоқтата тұрады;
• (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
• объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, бір мезгілде келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлерінің қызметіне, сол жерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыра отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
• жол бойындағы сервис объектілерінің (қоғамдық тамақтандыру және сауда) қызметіне рұқсат беріледі, сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін тамақты сыртқа шығару арқылы өнімнің сатылуы рұқсат етіледі;
• клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметіне рұқсат беріледі;
• алдын ала жазылу бойынша топта15 адамнан артық емес балалар кабинеттерінің/түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары қызметіне рұқсат беріледі;
• күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп, фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрады;
• келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда монша қызметіне рұқсат беріледі;
• жұмыс режимі сағат 08.00-ден сағат24.00-ге дейін, келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда сауна, СПА орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрады;
• қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, күллі есіктерді ашу, адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызу ) рұқсат беріледі;
• жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне 5 адамнан артық емес рұқсат беріледі;
• ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) рұқсат беріледі;
• Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беріледі;
• мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте, COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 20-дан астам қызметкер болғанда);
• медициналық орталықтардың, стоматологиялық клиникалардың және кабинеттердің қызметіне (алдын ала жазылу бойынша) рұқсат беріледі;
• 80%-дан асырмай туризм объектілері мен халық орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдардың (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т. б.) қызметіне рұқсат беріледі;
• дәріханалардың қызметіне рұқсат беріледі;
• үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарық ызметіне, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат беріледі;
• (алдын ала жазылу бойынша көлік салонында 2 клиенттен артық, ТҚС-да 3 клиенттен артық болмауы керек, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық болуы) келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілеріне (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) рұқсат беріледі;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
Сонымен бірге, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:
• контингенті 300 оқушыға дейін сыныпта балалар саны 15-ке дейін қала және ауыл мектептерінде дәстүрлі форматта оқиды;
• ата-ана өтініші бойынша сыныптарда 15 оқушыдан артық болмайтын жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде-7-сыныпты қоса алғанда оқиды;
• (9, 11 (12) сынып) бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1кабинетте 1 сынып- қағидаты бойынша оқиды, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан артық болмауы керек, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);
• білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топта 5 адамнан артық емес оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;
• екінші семестрден бастап колледж бен жоғары оқу орындарының I курс студенттерін аралас оқытуға рұқсат беріледі;
• өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беріледі;
• арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне рұқсат беріледі;
• бір адамға жеке форматта су ауданы 5 ш.м. болған жағдайда жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша бассейн қызметіне рұқсат беріледі.Сенбі,жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрады;
• бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерватжәне т.б.) баруға рұқсат беріледі;
• көрерменнің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып,Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беріледі;
• күшейтілген санитариялық-дезинфекцилық режим сақталған жағдайда бір мезгілде 30 адамнан артық болмайтын облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларардың жандандырылуына рұқсат беріледі;
• келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда (жеке тұрған) ауданы 2000 шаршы метрге дейін азық-түлік емес дүкендердің қызметін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрады;
• (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызмет көрсетуі шектеледі;
• келушілердің санын30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметі шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрады;
• келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда бекітілген кесте бойынша супер меркет пен гипермаркет жұмысын сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін шектеледі;
• келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. арналған) азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда) келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге 4 ш.м.орын арналған жұмыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата отырып сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметін ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салынады.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости