9.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
9.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауАқмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша қандай шаралар іске асырылуда

Ақмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша қандай шаралар іске асырылуда

Ақмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Өңір оңалтуға мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету бойынша республикада көшбасында келеді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында оңалтудың жеке бағдарламаларымен 9 мыңның 7-і қамтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қолданылған шаралар туралы айтып берді.

“Жыл сайын оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының өсуі байқалады. Соңғы бес жылда қаржыландыру 2 есеге артып, 1,5 млрд.теңгеге дейін жеткізілді”, – деді өңір басшысы.

Кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 343 әлеуметтік маңызы бар объект бейімделді. Барлығы 3 жыл ішінде 1300-ге жуық адамды бейімдеу жоспарлануда. Мүгедектерге арналған кресло-арбаларды жөндеу, “Шекарасыз компьютер”, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек кабинетін құруға және тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдар үшін бос уақыт орталығын бойынша жобаларды ұйымдастыруға қаражат бөлінді.

“Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға үлкен көңіл бөлінеді. Көкшетауда сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға және халықтың қауқары аз топтарына арналған екі балабақша салынуда. Ерекше қажеттіліктері бар 600 бала “Қамқорлық” бастамасы аясында көмек алады”, – деді Е.Маржықпаев.

Жыл басынан бері 300-ге жуық мүгедек адам жұмысқа орналастырылды. “Тең Қоғам” орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Дене мүмкіндіктері шектеулі 1700-ден астам адам спортқа тартылды.

Айта кетейік, облыста барлығы 29 мыңнан астам мүгедек тұрады.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости