Жұма, Сәуір 19, 2024
17.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері анықталды

Ақмола облысында мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының областық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Іс-шара әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтауға және таратуға, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебесін арттыруға және кәсіби имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау барысында қатысушылар өздерінің «Е-портфолиосын», «Әдістемелік шеберлік» бейнероликтерін көрсетті, «Мен әдіскермін» онлайн диалог алаңына қатысты. Байқау нәтижелері балдық жүйе бойынша бағаланды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
Бас жүлде – Николаева Галина Иосифовна, Степногорск қаласы«Балауса» бөбекжайының әдіскері;
І орын – Суворкова Наталья Николаевна, Көкшетау қаласы Ю. Гагарин атындағы балабақшасының әдіскері;
ІІ орын – Шакиева Жазира Ондасыновна, Бұланды ауданы «Балдырған» мектеп-балабақшасының әдіскері;

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен, грамоталармен марапатталады.

Гран-при иегерлері байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...