Сенбі, Сәуір 20, 2024
15 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым мөлшері төмендеді

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым мөлшері төмендеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаменті өз қызметінде азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы
қарауға ерекше ден қояды. Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді
көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеуде. Мысалы, 2019 жылы
азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы
көрсеткіш бар болғаны 20-ны құраған.

«Әрине, мұндай құбылыстың туындауына карантин жағдайы да әсер
етті, дегенмен тұрғындарымыз өздерінің құқықтарын қорғау үшін
өтініштерді мемлекеттік органның кеңсесі арқылы тапсырудан гөрі
«Электрондық үкімет» веб-порталының электрондық өтініштер сервисін
пайдалануда дағдыларын танытты» – дейді Департаменттің мемлекеттік
қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Шытырымбек.

Портал арқылы өтініш тапсыру азаматқа оның өзінің жеке кабинеті
арқылы қарау мерзімдерін бақылауға, өтініш орындаушысы туралы
мәліметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.
Атап айтқанда, 2020 жылы мемлекеттік қызмет сапасына қатысты
Департаментке келіп түскен 38 өтініштің 27 электрондық нысанда түскен. Бұл
71% құрайды. Яғни, бұл көрсеткіш азаматтарымыздың цифрлық
дағдыларымен қатар құқықтық сауаттылығы өте жоғары екендігін
куәландырады.

«Департамент қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың
салдарын жоюдан бұрын, олардың алдын алуға ден қояды. Өткен жылы осы
саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша 332 іс-шара ұйымдастырылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету
мерзімдерінің бұзылу фактілері едәуір төмендеп, тәртіптік жауапкершілікке
тартылған тұлғалардың саны азайды» – деп Н.Шытырымбек мәлімдеп өтті.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша
жұмыс әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың
қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсеңділігін қажет етеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...