Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Менің кіші Отаным!» үздік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Менің кіші Отаным!» үздік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Менің кіші Отаным!» атты зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың облыстық сырттай байқауы онлайн-режимде өтті.

Облыстық білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырған шара дарынды оқушыларды және олардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға ықпал етеді.

Облыстық кезеңіне байқаудың бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен 13 аудан мен Степногорск және Көкшетау қаласынан 114 оқушы қатысты.

«Қатысушылардың жұмысын Көкшетау қаласының тарихы музейінің аға қызметкерлері, Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері бағалады», – дейді ұйымдастырушылар.

Байқау 4 аталым бойынша өткізілді: «Менің кіші Отанымның тарихы» – бұл аталымында қатысушылар өздерінің елді мекеннің тарихын бейне репортаждар ұсынды. «Менің кіші Отанымның символы» – бұл аталымында байқау қатысушылары жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және тағы басқалары туралы бейнебаян ұсынды. «Менің кіші Отанымның болашағы» – аталымы бойынша қатысушылар – макет презентация түрінде жұмыстарын қорғады. «Менің туған өлкем» – аталымы бойынша қатысушылар өздерінің елді мекені туралы эссе жазды.

«Шын мәнінде, маған қаламыздың тарихы, ескерткіштер, қандай да бір тарихи құрылыстар туралы білу әрқашан қызықты болды. Мен осындай байқаудың өткізілуін көргенде, Мен бірден қатысуға шешім қабылдадым», -деп бөлісті конкурсқа қатысушы, Көкшетау қаласы №10 орта мектептің 10 сынып оқушысы Милана Подвительская.

Біріншілік қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға – 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 8 оқушы ие болды. Жұмыс барысында Жақсы, Ақкөл, Бурабай аудандарының, Степногорск қаласының оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...