Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттер клубтарының облыстық слеті өтті. Іс – шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, парасаттылық пен патриотизмді қалыптастыру.

Слетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Ішкі саясат және Білім басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара іріктеу кезеңін, жартылай финалды және финалды қамтитын «Smart Mix» зияткерлік ойын («Своя игра» телевизиялық ойыны сияқты) форматында  өткізілді. Әр раундта қатысушыларға әртүрлі тақырыптар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты мәселелер, сондай-ақ ұпайлардағы сұрақтардың құны ұсынылды. Қатысушы 14 команданың әрқайсысы тақырып және сұрақтың құнын таңдады, содан кейін жүргізуші тиісті сұрақты оқыды. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетті.

Ойын қорытындысы бойынша өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялиннің қатысуымен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, білімді жастар мемлекеттің игілігі мен әлеуеті болып табылады, сондықтан оқу орындары адалдықтың, әділдіктің және сатылмаушылықтың үлгісі болуға тиіс. Бұл құндылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасында көрсетілген.

«Бүгінде жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу үшін зор перспективалар бар. Алайда, қазіргі жастардың жоғары моральдық негіздері, берік азаматтық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдылары болуы тиіс. Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу аясында жақсы үлгі болатынына сенімдімін», – деді Айдос Жақиялин

Сондай-ақ, іс-шарада «Әділдік жолы» РҚБ бен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалдарының басшылары Алмат Исмағулов және Игорь Плюснин сөз сөйлеп, жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында белсенді өзара іс-қимылға шақырды.

Слет соңында Щучинск қ. Жоғары педагогикалық колледж студенттерінің командасы жеңімпаз деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі мен Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командалары иеленді. Облыстық «Саналы ұрпақ» слетінің барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...