Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
3.9 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және өңірлік Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, сондай-ақ оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау және жою бойынша кездесу өтті.

Кездесуге қатысушыларға облыстың санитарлық дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

Жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы заңнама және басқа да бірқатар нормативтік актілер талаптарының сақталмауы осы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал етті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшылығы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді түсіндірді.

«Қоғамдық денсаулықты сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы санэпидқызмет мамандары үшін, әсіресе коронавирустық пандемия кезінде маңызды болуы керек. Сондықтан, мен әрқайсысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға шақырамын», – деп атап өтті өз сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Өз кезегінде облыстың бас санитарлық дәрігері алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...