Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында су жұтып қойған 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

Ақмола облысында су жұтып қойған 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 5-інде орын алған. Бұл туралы Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарлап айтқан. Оның сөзінше, 17 жастағы жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Анықталғандай, сол күні бір топ жасөспірім мектеп әкімшілігін хабардар етпей, жергілікті Қызылсу су қоймасына барған. Шомылу кезінде 2004 жылғы жасөспірім суға батып кетті.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірім «өкпеге судың түсуі арқылы механикалық асфиксия» салдарынан көз жұмған», — деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...