14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола облысында тіл онкүндігінде 1000-ға жуық онлайн шара өткізу жоспарланған

Ақмола облысында тіл онкүндігінде 1000-ға жуық онлайн шара өткізу жоспарланған

Ақмола облысында тіл онкүндігінде 1000-ға жуық онлайн шара өткізу жоспарланған
Ақмола облысында тіл онкүндігі шеңберінде 1000-ға жуық онлайн шара өткізілетін болады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова айтты.
Басқарма басшысы атап өткендей, 2020 жылғы 4 ақпанында Ақмола облысы әкімнің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілген. Осы жоспар сәйкес тіл онкүндігі шеңберінде өңірде бірқатар шаралар қолға алынбақшы. Пандемияға байланысты олардың барлығы онлайн формантында өткізу жоспарланған.
«Ақмола облысы бойынша тіл онкүндігі аясында 1000-ға жуық онлайн іс-шаралар өткізіледі, оған 200 мыңға жуық адам қатысады. Нақтырақ айтсам, «Ұлы Даланың ұлы Тілі» Түркия, Англия, Франция, Венгрия елдерінің этникалық қазақ қоғамдықтарының қатысуымен халықаралық онлайн конференциясы, «Тіл – халықтың ұлы байлығы, бала тілі – бал бүлдіршіндер» атты онлайн фестивалі, Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына орай аудан жастары арасында «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатынан» үзінділер жатқа айту сайысы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай тілі – ғасыр үні» атты мәнерлеп оқу, бейне байқаулар сайысы және басқа да шаралар ұйымдастырылады» – деді басқарма басшысы Алтынай Әміренова.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости