Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
9.1 C
Kokshetau
6 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында толқынның салдарынан жағадан ұзап кеткен әкесі мен қызы құтқарылды

Ақмола облысында толқынның салдарынан жағадан ұзап кеткен әкесі мен қызы құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  келеңсіз жағдай Аршалы ауданының Үлкен Сарыоба көлінде  «Сарыоба» демалыс базасының жанындағы стихиялық жағажайда болған.

Анықталғандай, жағажайға демалуға келген екі отбасының кәмелетке толмаған балалары суға шомылған.  Осы кезде екпіні 15-20 м/с жел тұрып, 14 жасар жасөспірім қыз жағадан ұзап кетеді. Мұны байқаған қыздың әкесі үрленбелі шеңберді алып қызын құтқармақшы болған, бірақ толқын оны да алып кетеді.

“Ер адам мен оның қызына бастапқыда «Сарыоба» демалыс базасында орналасқан 5 қоғамдық құтқарушы моторлы қайықпен көмекке келмекші болды. Алайда, техникалық себептерге байланысты моторлы қайық істен шығып, жарты жолда қалды. Кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырылып,  алдымен 52 жастағы әкесін, одан соң 14 жастағы қызын аман-есен жағаға алып шықты. Қазіргі кезде әкесі мен қызының жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес”, – деді ведомстводан.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...