Жұма, Наурыз 29, 2024
1.3 C
Kokshetau
1 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды

Ақмола облысында үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды

Қарашаның 1-12 аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) байқауы өтті.

Байқау оқу-тәрбие үрдісінде заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолданатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.  Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Лихачева жеңіп алса, 2-орынға Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Қазына Шаяхметова, 3-орынға Зеренді ауылындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Хамзина лайық деп танылды.

«Үздік бейне сабақ» аталымын Қима ауылындағы Қабдеш Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Забавко жеңіп алды.

«Үздік  портфолио» аталымы бойынша Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Киселева үздік атанды.

«Үздік  эссе»  аталымын  Тасты-талды ауылының жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шыңғыс Әнуаров еншіледі.

Сонымен қатар, 20 педагог байқауға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...