Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 11-де сағат 01:16-да Ақмола облысы ТЖД өрт сөндірушілеріне Шортанды ауданындағы Научный ауылының Бараев көшесінде орналасқан 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттің бірінші қабаттағы пәтерде шыққаны және қызыл жалын 30 шаршы метрді аумақты шарпығанын анықтады.
Өрт сөндірушілер жедел сатының көмегімен терезе арқылы пәтерге кіріп, үй иесі 1961 жылғы әйелді дереу сыртқа алып шықты. Зейнеткер Шортанды ауданына ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге, бір адам эвакуацияланды. Өрт 01:45 ауыздықталып, 02:00 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.