9.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
9.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиғаҚылмысАқмола облысының аумағында телефон ұрлығымен айналысқан павлодарлық ұсталды

Ақмола облысының аумағында телефон ұрлығымен айналысқан павлодарлық ұсталды

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Қосшы қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті кәсіпкердің ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті. Ер адам ағымдағы жылдың 9 шілдесінде сағат 10.00-ден 11.00-ге дейінгі аралықта дүкеннің сауда үй-жайынан пластикалық кіру есігін қысып ашу арқылы “IPhone 7”, “IPhone XR”, “Samsung Galaxy S20” маркалы 3 ұялы телефонды ұрлап әкеткенін хабарлады. Шығын сомасы 290 мың теңгені құрады.

Жедел-тергеу тобының құрамында оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының қызметкері шықты. Жедел уәкілдер мен криминалистер күдіктіні анықтады. Ол Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі “ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа өңірлерінің аумағында ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталды.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости