Жұма, Наурыз 29, 2024
1.9 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының тұрғындарына жолға шықпау жөнінде кеңес берілді

Ақмола облысының тұрғындарына жолға шықпау жөнінде кеңес берілді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Ақмола облысында 2021 жылдың 23-25 ақпан аралығында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Осыған байланысты «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымында (Жақсы мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаске), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында (Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаске) «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымында (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары аралығындағы учаске), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымында (Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралығындағы учаске), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1247 шақырымында (Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске), «Көкшетау-Атбасар» автожолының 0-184 шақырымында (Көкшетау және Атбасар қалаларының аралығындағы учаске), «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 0-61 шақырымында (Көкшетау қаласы-СҚО шекрасы аралығындағы учаске), «Көкшетау-Омбы» автожолының 2-50 шақырымында (Көкшетау қаласы-СҚО шекрасы аралығындағы учаске), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 304-341 шақырымында (Көкшетау қ.-СҚО шекрасы аралығындағы учаске), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 856-917 шақырымында (СҚО шекарасы аралығы-Жақсы ауылына аралығындағы учаске), «Щучье-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымында (Щучье қаласы-Зеренді ауылы аралығындағы учаске) көліктердің барлық түріне қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

«Құтқарушылар облыс тұрғындарынан «112» қызметінен СМС хабарлама алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, сондай-ақ, жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуын болдырмауды сұрайды»,  – делінген ведомствоның хабарламасында.

Облыс тұрғындары кез келген уақытта ауа райы болжамының өзгеруі туралы, сондай-ақ жолдардың жабылуы туралы ақпаратты 1403 нөмірі немесе «Дәрмен» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бақылай алады, онда барлық қажетті ақпарат уақтылы жаңартылып отырады.

Еске сала кетейік, 18-19 ақпан аралығында облыс аумағында боранда жолда қар құрсауында қалған 67 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...